info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

01 ноября 2017 г. в Шымкенте пройдет мастер-класс от Даната Жумина в рамках проекта "Бизнес Фитнес"

Анонсы
18.10.2017

Достар! Сіздерге «Бизнес-фитнес» жобасында біздің жаттығуларымыз жалғасатынын қуана хабарлаймыз.

  

1 қарашада Шымкент қаласында Данат Жуминнің шеберлік сабағында күтеміз!

Данат Жумин, Монтана университетінің түлегі (Монтана штаты, АҚШ), Гарвард бизнес мектебінің түлегі, бизнесмен жəне Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі. Мемлекеттік басқарудағы көптеген жаңалықтардың бастамашысы.

Кездесу барысында сіздер кез-келген бизнестің маңызды құрамдас бөліктері туралы білесіздер:

1) Маркетингтік компанияны жоспарлау жəне дайындау;
2) «Көк мұхиттарды» іздеу, бір типті өнімдер көмегімен клиент үшін бəсекелесуді тоқтату жəне №1 компания атанатын жаңа нарық құру.
3) Майкл Портер бойынша нарықта қалай бəсекелесу керек? 
Сіздерді 01 қарашада сағат
10:00-де мына мекен-жайда күтеміз: Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі 88 В, «Даму» Қорының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиалының кеңсесі.
Назарларыңызға, «Даму» Қорының КҚКО-ға өтініш бергендер ғана кіре алады.
Қосымша ақпарат мына телефондар бойынша: 8/7252/99-70-49, +7 701 836 52 76