20 апреля в Центре обслуживания предпринимателей в Шымкенте пройдет мастер-класс ведущего специалиста ООО "Биофарм Технологии", ветеринарного врача Дениса Велькера

Анонсы
18.04.2016

Шеберлік-сабақтың тақырыбы: «Ірі қара малды азықтандырудың экономикалық және арнайы аспектілері. Қазіргі заманғы құрама жемдер».

Сүтті мал шаруашылығында негізгі шығын – жем-шөп екені баршаға аян. Шеберлік сабағы барысында: Өндірістің өзіндік құнын қалай төмендетіп, тиімділігін арттыруға болады? Жемді шаруашылықта қалай тиімді пайдаланып, малды қалай жемдеу керек? Дұрыстап азықтандырмау, жемді артық немесе кем берудің соңы неге әкеп соғады? Сиыр не үшін күйсейді? Сиырға қанша, қай уақытта, қаншалықты жем беру керек? Сүттің майлылығын арттыру үшін қандай азық керек?- деген сұрақтарға жауап алуға болады.

Курс тыңдармандарына сиырлардың ас қорыту ерекшеліктері, үйлестірілген азық мөлшерлерінің қажеттілігі мен әртүрлі климат жағдайы үшін азық мөлшерін есептеу мысалдары туралы маңызды, қолжетімді, пайдалы және қызықты ақпараттар ұсынылады.

Шеберлік-сабағы фермерлерге, мал емдеуші мамандарға, алда жеке шаруашылық ашпақ болған барша азаматтарға арналған.

Әрбір қатысушы өз шаруашылығында бар жемдер негізінде үйлестірілген азық мөлшерінің есебін алады.

Мекен-жайымыз: Рысқұлов к-сі, 8 А, «Наурыз» аялдамасы.

Күні: 20.04.2016 ж.;

Уақыты: сағат 10.00.-ден 13.00-ға дейін.

«Даму» қоры КҚКО келіп, алдын-ала тіркелгендер ғана семинарға қатыса алады.

Қосымша ақпараттар мына тел. бойынша: 8/7252/99-70-49, 8/7252/99-70-57