Әйелдер денсаулығына инновациялық көзқарас

Жаңалықтар
26.06.2024

Семейлік Жігер Жақашев 2008 жылы «Realive» ЖК тіркеп, полиграфия және жарнама саласында кәсіп ашып, шағын бизнесін дөңгелентіп, көп жылдар бойы сүйікті ісімен айналысып келді. Қалыптасқан тұтынушылары бар, әлеуметтік желілерде бизнес аккаунтын белсенді түрде насихаттап, елге танылды. 

Жігер Мұратұлының мамандығы – дизайнер. Бизнесін уақытша тоқтатып, ұстаздыққа бет бұрған 2014-2016 жылдар аралығында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Дизайн және графика» пәнінен сабақ берді. 

Дегенмен сүйікті кәсібіне деген махаббат оны қайта бизнеске оралуға мәжбүр етті. Ал 2023 жылдың басынан бастап Жігерге зайыбы бизнестің жаңа бағыты туралы ой тастады. Жан жары Назгүл 2016 жылы Семей медициналық университетін тәмамдап, қалалық ауруханада жұмыс істеген, тәжірибелі гинеколог. Қызмет барысында әртүрлі гинекологиялық ауруларды емдеуде қиындықтарға тап болған әйелдер көп екенін көрген ол медицина бизнесіне ойысуды ұсынды. Әйел денсаулығын сақтау саласында сапалы медициналық көмек ала алатын эстетикалық гинекология емханасы осылай есік ашты.

Емханаға қажет құрал-жабдықтарды сатып алу қажет болғанда «Қазақстан Халық банкінен» кәсіпкер алған несиені «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қоры қолдап, кәсіпкер үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесін жылына 8 пайызға түсірді. Кепілдік жетпеген кезде де Қор кепілдік берді. 

Сатып алынған құрал – Dermablate инновациялық гинекологиялық лазер құрылғысы. Жігердің жұбайы бұл құралда жұмыс істеудің толық оқу курсын бітіріп, қазір өзі қызмет көрсетеді.

Бұл құралдың әйел денсаулығы үшін артықшылығы:

1. Қауіпсіз әрі тиімді. Ол асқыну қатерін азайтып, процедуралар тиімділігін арттырады, дәл басқарылатын лазерлік сәуле.

2. Гинекологиялық мәселелердің кең ауқымын емдеу үшін қолдануға болады.

3. Минимал инвазив процедуралар;

4. Пациент тез оңалады. 

Бұл емхананы ашудағы мақсат – әйелдердің денсаулығы туралы хабардар болуды насихаттау және әйелдерге олардың әл-ауқатына қамқорлық жасауға мүмкіндік беру, сондай-ақ дәрігерлер мен пациенттер арасында сенімді қарым-қатынас орнату. 

РК, Абай облысы, Семей қаласы, Чайжунусов көш, 152

Инстагам: @dermablate.semey.kz