Пандемия жағдайында азық-түлік қауіпсіздігі ауыл шаруашылығын қолдау арқылы қамтамасыз етіледі

Жаңалықтар
08.10.2020

Алматы облысындағы «Мәди» шаруа қожалығы 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы жылдар аралығында компания бірнеше рет мемлекеттің қолдауына ие болды.

«Өздеріңіз де білесіздер, ауыл шаруашылығы – «күрделі» сала. Біздің жұмысымыздың нәтижесі көптеген факторларға, соның ішінде табиғи-климаттық жағдайларға байланысты болып тұрады. Сондықтан мемлекеттің қолдауы фермерлер үшін өте маңызды. Біз «Даму» қорымен бірнеше жылдан бері әріптестіктеміз. Қордың субсидиялары біздің несиелерімізді айтарлықтай арзандатады. Ал кепілдігі несие сомасын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мемлекет біздің дамуымызды қолдайтынын біле отырып, алдымызға стратегиялық мақсаттарды сенімді түрде жоспарлай аламыз", - дейді, «Мәди» ШҚ басшысы Қайрат Бекиев.


фото главы КХ Мади.jpg

«Мәди» ШҚ жұмсақ бидай және сыра қайнататын арпа сияқты дәнді дақылдарды өсірумен және сатумен айналысады. Өсіру стандартты технологияны, агротехникалық талаптар мен нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылады. Елдің ішкі нарығында тұрақты сатып алушылары бар.

Компания ForteBank АҚ арқылы 63 млн теңге мөлшерінде несие алды. Оның 40 млн теңгесі қайта қаржыландыруға, ал 23 млн теңгесі күзгі дала жұмыстарын жүргізуге жұмсалды. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында субсидиялау арқылы несиені 14,5%-дан 6%-ға дейін төмендете алды. Ал «Даму» Қоры несие сомасының 30%-ына кепілдік берді.

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы кенті, Панфилов көшесі, 69-үй

+7 777 357 37 78