info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Adancom» – отандық компьютер өндірушісі

Жаңалықтар
22.05.2023

«Adancom» ЖШС компаниясы 2021 жылы ашылды. Осы уақыттан бері заманауи тұтынушының сұранысын қанағаттандыра алатын компьютер мен оның компоненттерін шығаратын компания ретінде танылды. Кәсіпорын айына 600 дана компьютер техникасын шығара алады. Процесс дайын компьютерді шығаратын компоненттер өндіру, жинау, орнатуды қамтиды. Қазір компания компоненттердің ірі дистрибьюторларымен белсенді ынтымақтастықта және моноблоктар мен led-экрандарды бірлесіп құрастыруды бастады. Компанияда студенттерге кейіннен жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін оқу бағдарламасы бар. Бұл кәсіпорында білікті қызметкерлер көбеюіне көмектеседі.

Компания өндіріс қуатын айына 1500 дана компьютерге дейін арттыру үшін шикізат пен жиынтықтауыштар сатып алу мақсатында Қазақстан Халық Банкінен несие алды. «Даму» Қоры кәсіпкерге «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында несие мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялап, банкке ішінара кепілдік беру түрінде қолдау көрсетті.

2023 жылы «Adancom» ЖШС отандық өндірушілердің жыл сайынғы «Ulttyq Onim» көрмесіне қатысып, бірқатар мемлекеттік мекемелер мен бизнес өкілдерінің қызығушылығын тудырған өз техникасын ұсынды. Компанияның өнімдері техникалық сипаттамаларға сай және әлемдік деңгейдегі өндірушілерден еш кем түспейді. Кәсіпорын импорт алмастыру бағытында белсенді дамып келеді және ынтымақтастыққа дайын.

Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 110 ғ. д., 14 т.

Байланыс: +7 (776) 304-09-78, +7 (717) 252-78-42

Email: info@adan.com.kz