info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«LVR ASIA» ЖШС «Соленыч» сауда белгісімен тұздалған тағамдар шығарады

Жаңалықтар
14.06.2023

Дәмді тұздалған, маринадталған өнімдер дастаржанның сәні. Мұндай тағамдарды ұнататындар іздеп жүріп сатып алады. Әсіресе сапалы өнім шығару – халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасына әсер ететін маңызды фактор. Сонымен, Алматы облысындағы «LVR ASIA» ЖШС сауда-өндірістік компаниясы «Соленыч» маркасымен 2013 жылдан бері тұздалған-маринадталған тағамдар шығарып келеді.

Компания өндірістік базаны жалға алып, маринадталған қияр, салат, тұздалған және ашытылған тағамдар сияқты өнімдердің мол ассортиментін шығарады. Цехта 37-ден астам маман жұмыс істейді.

Кәсіпорын «Нұрбанктен» несие алған кезде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасының екінші бағыты аясында кепілдік пен субсидия құралын пайдаланды.

Қаражат өздері жалға алып отырған базаны сатып алуға жұмсалды. Енді жалға алу шығындарды оңтайландыруға және болашақта жобаның пайдасын арттыруға мүмкіндік береді.

Өнімдер шағын дүкендерде де, Алматы қаласы мен Алматы облысының ірі супермаркетер желілерінде де сатылады.

+7 727 341 05 53

Алматы облысы, Боралдай кенті, Терешкова көшесі 1Б