info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Денесі саудың – жаны сау

Жаңалықтар
13.06.2023

Соңғы кезде еліміздің бар өңірінде спорт нысандары көптеп салынып, салауатты өмір салтын таңдайтын жастар саны артып келеді. Команданың рухын көтеріп, коммуникация орнатуда ерекше әдістердің бірі саналатын спорт түрлерімен айналысу сәнге айналған.

Атыраулық Садықовтартардың отбасылық бизнесі де осы салада. Кәсіпкерлер Атырауда спорт кешенінің құрылысын бастаған кезде екінші деңгейлі банкке жүгінуді.

«Electro-Vent Servis» ЖШС ұсынған жобаны «ForteBank» мақұлдап, 18,75%-бен несие берді. «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы» бағдарламасы аясында оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.
Қазіргі уақытта «Ahmad Arena» спорт кешенінде футбол, шағын футбол, күрес, гимнастика, үстел теннисі мен шахмат секциялары жұмыс істеп тұр. Душ пен дәмхана да қарастырылады. Клубқа футбол, шағын футбол, ойнау техникасын үйрететін кәсіби жаттықтырушылармен, көркем гимнастикадан хореографтар шақырылды. Қазір клуб мүшелері облыстық, республикалық турнирлерге қатысып, тамаша нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Алдағы уақытта «Electro-Vent Servis» ЖШС клиенттер санын арттыру үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қызметін бұдан да жақсартуды көздеп отыр.

Атырау қаласы, Атырау ш/а, 16/5 көше

+7 7016163473, +7 7024844884

Инстаграм: @ahmad.arena.atyrau