info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қолдаумен «OLYMPIA» спорт клубы ашылды

Жаңалықтар
12.06.2023

Синделеева Инна Анатольевна – Фитнес және бодибилдингтен Қазақстан, Азия, Ресей, Беларусь, Үндістан, Румыния, Франция чемпионы. Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тренажер клубын жалға алып кәсіп бастаған ол біраз уақыт өте келе өз ғимараты болғаны маңызды екенін ұқты. Себебі клуб жақсы инвестиция және тұрақты жоғары пайда табу мүмкіндігі екеніне көзі жетті.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында 2023 жылдың мамыр айында жаңа спорт клубының ресми ашылуы өтті. Компания «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан жылына 21,75%-бен инвестиция үшін несие алды, оның 15,75%-ын «Даму» Қорын субсидиялайды, сондай-ақ «Даму» Қоры кепілдік берді.

Спорт клубының қызметтерінің ерекшеліктерінің ішінде мыналарды атап өтуге болады:

- Жоғары сапалы қызмет;

- Дене шынықтыру саласында білімі бар кәсіби мамандар;

- Клиентке жеке дара көңіл бөлу.

БҚО, Орал қаласы, Орақбаев көшесі 1/1.

Телефон: +7 747 599 94 82

Инстаграм: @olympia_kz