info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Barbados-тан жаңа өнім

Жаңалықтар
13.06.2023

«BBS Trade» ЖШС өз қызметін 2014 жылы HoReCa нарығы үшін Barbados брендімен премиум сироптарды шығарудан бастады.

2016 жылы сироптардың түрлерінің саны он бестен елуге дейін жетіп, Siroppi брендімен толықты. Сол жылы «BBS Trade» ЖШС Астана қаласында жаңа филиал ашты.

2017 жыл компания үшін тағы бір жаңалық жыл болып, Barbados жеміс қоспаларын шығара бастады және Шымкент қаласында филиал ашылды.

Әрі қарай даму 2018 жылы жұмсақ балмұздақ пен саудаға арналған құрғақ қоспалар өндірісін іске қосумен жалғасты.

2019 жылы компания Джелато балмұздағын ұсынды.

2020 жылы компания HoReCa нарығына жаңа өнім – Gustos жеміс-жидек пюресін шығара бастады.

2021 жылы «BBS Trade» ЖШС қол жеткізген жетістіктеріне тоқтамай, бөлшек және А санатындағы дүкендерге арналған Le Caprice жеміс езбесі, кетчуп және соя соусының өндірісін іске қосты.

2022 жылы компания «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында «Даму» қорының субсидиясы мен кепілдігін алып, Алматы облысы Талғар қаласында зауыт ашады. Сонымен қатар, осы жылы компания металл цехын іске қосып, лазерлік станоктар, қаңылтыр майыстырушы және құбыр майыстырушы сияқты заманиуи жабдықтар сатып алды.

Кәсіпорын директоры Балтабаев Айдар Оңдасынұлы бүгінгі күні қысыммен суды көмірқышқыл газымен қанықтыруға қабілетті аппарат – сатурат өндірісі іске қосылғанын хабарлайды. Бұл тұтынушыларға өнімдердің кең спектрін ұсына отырып, компанияға HoReCa сегментіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік беретін жаңа бағыт дейді.

 

Алматинская облысы, Талғар қаласы, Байкал көшесі, 21

Телефон: +7 701 577 39 01

Instagram: @thebarbados