info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Granum» – дұрыс тамақтану жөніндегі сарапшы

Жаңалықтар
05.06.2023

«Ново-Алжанский ұн комбинаты» 25 жылға жуық тарихы бар кәсіпорын. Комбинат 1991 жылы элеватор ретінде құрылған. Комбинат Қазақстан үкіметі мен Азия даму банкі әзірлеген ұн байыту жобасына алғашқылардың бірі болып қосылды.

Ново-Алжанский Мелькомбинат» өнімдері қатарында:

•   бидай ұны;

•    «Жайма», «Кеспе»;

• итальяндық Taralli құрғақ тоқашы, «Арман», «Наурыз», «Пісірілген сүт», «Дуэт», «Гармония» тәтті печеньелері, «Экзотика», «Бебек», «Шашу» қант печеньесі секілді кондитерлік өнімдер бар.«Гранум» ұны итальяндық және швейцариялық Ocrim және Buhler диірмен кешенінде өндіріледі. Ұн Alpha микродозерлері арқылы Elcovit 28190 витамин- минералдарымен байытылады.Макарон өнімдерін өндіру үшін «Granum» ұны макарон өнімдерін өндіру стандарттарына және тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетін бидайдың жоғарғы сорттары пайдаланылады.

Кәсібін кеңейту мақсатында, дәлірек айтсақ, ұн өндіруге айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Ново-Алджанский комбинат» ЖШС «Даму» қоры» АҚ Ақтөбе филиалына жүгінді. Жоба «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында қолдау тапты.«Қазақстан Халық Банкі» ⁠ Несие мөлшерлемесі 21,25 пайызды құрады, оның 7 пайызын кәсіпкер төлейді, ал айырманы «Даму» қоры субсидиялайды. Сондай-ақ жобаны сәтті жүзеге асыру үшін Қор несие сомасының 50% көлемінде кепілдік берді. 

Кәсіпорын ұн мен макарон өнімдерін Қазақстанның барлық аймақтарына және көршілес елдерге: Ресейге, Өзбекстанға, Түркіменстанға, Грузияға, Ауғанстанға жеткізеді. Дайын өнімді жеткізу диірменнен тікелей немесе дистрибьюторлар арқылы жүзеге асырылады.Бүгінгі таңда Компания өзінің жабдықтарын үнемі жаңартып, өндіріс сапасын бақылауды жақсартуда, сонымен бірге әлеуметтік жауапкершілік ұстанымын ұстанып, өнімнің өзіндік құнын тұрақты ұстауда. Кәсіпорын өнім желісін азық-түліктің басқа да әлеуметтік маңызы бар санаттарымен кеңейтуді жоспарлап отыр.

Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, 41 разъезд, 9В ғимараты

Телефон: +7 (7132) 94-79-30, 8 775 030 00 98
E-mail: info@granum.kz
Инстаграмм: @granum.kz