info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Тараз қаласында сабын мен жуғыш заттар өндіру жобасы қолдау тапты

Жаңалықтар
12.06.2023

«TopLife» компаниясы 2012 жылдан бастап денсаулыққа пайдалы өнімдер сатумен айналысып келді. Яғни, эко жуғыш заттар мен эко косметика шығаратын өндіріс ашу идеясы кәсіпкерге аяқ асты келген жоқ. Олар қазір адам мен қоршаған орта үшін қауіпсіз, қолдануға ыңғайлы, жоғары сапалы және арзан эко құралдар желісін шығарады. Бағаны аса қымбат етпеу оңайға түскен жоқ. Себебі барлық құралдар құрамы өсімдік глюкозидтері, табиғи майлар мен өсімдік сығындыларынан тұрады, ал олардың бағасы химиялық шикізаттан бірнеше есе жоғары.

Бизнеске талдау жасай отырып, компания алғашқы 5-7 жылда тек брендтің насихаты үшін жұмыс істеуге шешім қабылдады. Осы уақыт ішінде халыққа сапалы өнімді сынап көруге мүмкіндік берілді. Ал өндіріс тек шығынды жабатын минимал деңгейде ғана жұмыс істеді.

Кәсіпкер Светлана Сахновская бизнесін ұлғайту туралы шешім қабылдағанда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл облыстық филиалына жүгінді. Қор менеджерлері кәсіпкерге толық ақпарат беріп, нәтижесінде «Банк ЦентрКредит» арқылы қажет несие ресімделді. Жобаны «Даму» Қоры «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасының екінші бағыты аясында қолдап, субсидия, кепілдік ұсынды.

«Даму» Қорының субсидиясы несиенің пайызын жеңілдетсе, кепілдігі банк алдында кепілзат аз болғанда үлкен көмек болды. Ал ол бізге өндірісті кеңейтуге мүмкіндік берді. Қосымша жабдықтар, шикізат сатып алдық. Енді жақын арада клиенттерімізді дені сау ұрпақ үшін қажет пайдалы жаңа өнімдермен қуантамыз»,-дейді кәсіпкерлер.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ровненский көшесі, 2 А үй.

Телефон: +7 705 663 33 11

Instagram: @toplife.eco.product