info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Балабақша – баланың бақытты шақтарының естелігі

Жаңалықтар
27.06.2023

Мектепке дейінгі білім беру – үздіксіз білім беру жүйесінің бастапқы буыны. Ол баланы дамытып, тұлға ретінде қалыптасуына сеп болады, оқуға деген құштарлықты оятып, жүйелі оқуға дайындау керек.

Жетісу облысы Панфилов ауданының кәсіпкері Бақыт Қоншыбаева да бірнеше жылдан бері өскелең ұрпақтың дамуына өз үлесін қосуда.

Ол 2002 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысады. Алдымен азық-түлік дүкендерін ашудан бастаған, кейіннен жергілікті халықтың сұранысын зерттей келе балабақша ашуды шешкен. Бүгінгі таңда кәсіпкердің өңірде 400-ден астам бала тәрбиелеп отырған 4 балабақшасы бар. Барлық балабақшалар қажетті жабдықтармен, жиһаздармен және ойын алаңдарымен қамтылған.

Алайда, қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, кәсіпкер өз бизнесін кеңейтіп, Алматы қаласында тағы бір балабақша ашуға шешім қабылдады.

«Forte Bank» арқылы осы мақсатта 21,75%-бен алған несиесін «2021-2023 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы қазір тек 6%-бен төлейді, ал қалған бөлігін мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ «Даму» Қоры кепілдік те берді.

Бұл қаражатқа жалпы ауданы 310 шаршы метр балабақша сатып алды. Тұрғын алабында орналасқан, жақын жерде емхана, мектептер бар. Жақын жерде мұндай балабақшалар жоқ.

Балабақшалардың мекен-жайы:

«Гаухартасым» балабақшасы – Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Н.С. Иванов көшесі, 24 үй

«Нұрпатшайым» балабақшасы – Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, 2 шағын аудан, 32 көшесі, 4 үй

«Тұмарханым» балабақшасы – Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауылы, М. Литпулла көшесі, 27 үй

«Tomiris-ай» балабақшасы – Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, М. Ходжамьяров көшесі, 142 үй

+7 707 628 60 81