info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Халық тұтынатын тауарлар сататын кәсіпкер қолдау алды

Жаңалықтар
26.06.2023

Бүгінгі таңда азық-түлік тауарларының көтерме және бөлшек саудасы халық арасында кең сұранысқа ие. Күнделікті ірі супермаркеттер, дүкендер, шағын маркеттер азық-түлік пен тұрмысқа қажет тауарларын осындай кәсіпкерлерден сатып алады.

Атыраулық «Dana Group» ЖК-нің де негізгі қызметі осындау тауарлары Индер ауданы тұрғындарына ұсыну.

«Dana Group» ЖК айналым қаражатын толықтыруға өтінімін Атырау қаласындағы «Банк Центр Кредит» АҚ 21,75%-бен мақұлдады. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырманы мемлекет өтейді. Қордың кепілдігі несие сомасының 50 пайызын құрады.

«Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар, бизнесті дамытуға және кеңейтуге айтарлықтай мүмкіндік береді»,- дейді кәсіпорын басшысы Дамир Такупов.

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор қаласы, Конаев көшесі, 27

+7 775 970 22 19