info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Бухгалтерияның «бас ауруын» «Актив Аккаунт» компаниясына тапсырыңыз

Жаңалықтар
22.06.2023

Бухгалтерлік аутсорсинг – бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізуді үшінші тарап мамандарына беру. Бухгалтерлік аутсорсинг компанияларға өз бизнесіне шоғырлануға, қаржылық тәуекелдерді азайтуға, басқару және қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Абетова Анар – «Актив Аккаунт» бухгалтерлік компаниясының директоры. Олар аутсорсингпен айналысады, Яғни кәсіпкерлердің бухгалтериядағы «бас ауруын» жеңілдетеді және бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуге көмектеседі. Бүгінгі таңда фирма бүкіл Қазақстан бойынша аутсорсингте 50-ден астам компанияны жүргізеді.

«Мен бизнесмен достарымнан бухгалтерлік есеп проблемалары туралы жиі естідім: бұл жақсы бухгалтерді табу, мамандардың қабілетсіздігі, жауапкершіліктің болмауы және айыппұл салу қаупі. Осыдан кейін неге бизнеске көмектеспеске деген идея пайда болды. Өйткені, біз кәсіпкердің бизнесті дамытуға қажет құнды уақытын үнемдейміз. Ең бірегейі – біз Қазақстанның кез келген қаласындағы кәсіпкердің есебін жүргізе аламыз», - дейді Анар Абетова.

Бизнесмен қызметін бастағаннан кейін 3 жылдан кейін «Даму» Қорына ғимарат жөндеуге қаржы сұрап жүгінді. Себебі Анар бухгалтерлердің ыңғайлы жағдайда жұмыс істегенін қалады.

Биыл жөндеу жүргізу және жаңа жабдық сатып алу үшін «Forte Bank» арқылы 21,75%-бен несие рәсімдеді. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында кәсіпкер алты пайызын ғана төлейді, айырмасы – мемлекеттік субсидиялар.

«Табысты бизнес үшін меншік иесі үш негізгі міндет – қызметкерлерді үнемі оқыту, біліктілікті арттыру, дұрыс өкілдік ету, бизнесті жылжытудың жаңа құралдарын іздеуден тынбауы керек» - дейді Анар Абетова.

 Екібастұз қаласы,

Телефон: +7 777 460 27 27

Инстаграм: @buhgalter__kz