info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Баланы ойната отырып дамыту

Жаңалықтар
15.06.2023

Рахимжанова Ақерке Шамбулханқызы 2020 жылдың мамырында «Minions.kz» ЖК тіркеп, ресми түрде кәсіпкерлікпен айналыса бастаған. Негізгі қызметі – интернет-дүкені арқылы балаларға арналған кітаптар, дамытатын ойыншық, ойындарын саудалау болды. Тауар онлайн дүкен арқылы сатылып, тұтынушылар өздері келіп алып кететін. Яғни, бар тауар үйде сақталады, сәйкесінше кәсіпкердің активінде тек артық тауарлар мен кеңсе жабдықтары ғана бар. Тауарды Алматыдан тұрақты жеткізушілермен келісімшартсыз алдыратын. Сатып алушылар қатарында қала тұрғындары ғана емес, іргелес аймақтар да болды.

«Мен өзім идеяның шебері болдым, тауар іздеу және сатып алу, сондай-ақ кейбір әкімшілік жұмыстарды да өзім атқарамын. Ал жұбайым барлық шаруашылық жағын өз мойнына алды, техникалық жұмыстар сол кісінің шаруасы», – дейді Ақерке Рахымжанова.

Кәсіпкер «Нұрбанктен» айналым қаражатын толықтыруға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 36 айға 6% пайыздық мөлшерлемемен несие алғаны. Сондай-ақ, «Даму» Қоры кепілдік те берді.

Байланыс телефоны: 8 778 785 55 88

Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Красин көшесі, 14Б-11.