info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Өмірді жақсарту өнері

Жаңалықтар
21.06.2023

«Технология Комфорта» ЖШС 2002 жылы құрылған. Қазақстан нарығындағы ірі компаниялардың бірі. Филиалдар Семей қаласы, Астана, Павлодар, Өскемен, Курчатов, Аягөз қалаларында орналасқан. Кәсіпорынның темір жол тұйығы, өндірістік базасы бар. Компания негізінен:

Металл пластик есік-терезе, витраждар;

Аллюминий витраж жүйе;

Металл есіктер, торлар;

Керме төбелер;

Ағаш терезелер, есіктер;

Ауа баптау, желдету, сору жүйелері;

Секциялық қақпалар, роллеттер;

Кез келген конфигурациядағы шыны пакеттер;

Жоғары сапалы жұмыс қолғабын шығамен айналысады.

«Технология Комфорта» компаниясы бүгінгі таңда Қазақстандағы осындай қолғаптар шығаратын жалғыз өндіруші. Өндірісте компьютерлендірілген қолғап тоқу автоматтары, қолғапқа ПВХ арнайы жабын жағу үшін автоматтар пайдаланылады. Өнімнің ерекшелігі – табиғи мақта-мата жіптен тігілетіні. Тауар сертификатталған және Қазақстандық СТ-KZ сертификаты бар.

 

Шикізат сатып алу үшін компания 2020 жылы «Қазақстан Халық Банкінен» он төрт пайызбен несие алды. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкер жылына 6%-бен ғана төлейді. ал айырмаcын «Даму» Қоры субсидиялайды, сондай-ақ кепілзаттың жетіспейтін бөлігіне Қордың кепілдігі де берілді.

 

+7 (7222) 52-07-21

Абай облысы, Семей қ., Глинки көш. 73г.

E-mail: tehkomfort@mail.ru