info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«KAZCONFERENCE GROUP» ЖШС – бірегей оқиғалар әлеміне жетелейтін сенімді серік

Жаңалықтар
29.06.2023

Ғалымжан Олжас – «KAZCONFERENCE GROUP» ЖШС басшысы және жалғыз құрылтайшысы. Кәсіби аудармашы ретінде ол кез келген халықаралық іс-шараның табысының 70%-ы қолжетімді, уақтылы сапалы аудармаға тәуелді екенін жақсы біледі. Компания көрсететін қызметтер бағытының бірі – халықаралық іс-шараларды өткізу кезіндегі синхрон аударма. Бұл – ауызша аударманың ең күрделі түрі. Синхронды аудармашы спикермен бірдей жағаласып отырып тікелей аударады. Ол сөйлеушіден бір-жарты сөз қалып отыруы мүмкін. Сихрон аударма ұсыну үшін тек сауатты команда ғана емес, сонымен қатар сапалы техникалық жабдық қажет. Әдетте аудармашы оқшау кабинада, микрофон алдында, дыбыс өткізбейтін сапалы құлаққаппен отырады. Сондықтан оның дауысы спикердің дауысын баспайды.

Kazconference Group компаниясы «Банк ЦентрКредиттен» елорда кәсіпкерлерін жеңілдікпен қаржыландыруды көздейтін «Астана Бизнес-2» өңірлік бағдарламасы аясында жабдықтар сатып алу мақсатында жылына 7%-бен несие алды.

«KAZCONFERENCE GROUP» ЖШС елордада бизнес үшін де, мемлекеттік тапсырыс үшін де кез келген күрделі іс-шаралар ұйымдастыратын сенімді компаниялардың бірі. Командада 50-ге жуық аудармашы бар, іс-шаралар 12 тілде талқыланады.

https://kazconference.kz/

Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Бөгенбай Батыр даңғылы, 54 Үй, н. п 19

+7 700 727 77 77