info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Таразда ұлттық киім өндіру жобасы қолдау тапты

Жаңалықтар
23.06.2023

Кулахметова Малика Авдомажитқызы кәсіпкре ретінде 2016 жылы тіркелген.

Малика Құлахметова кимешек, жаулық, қамзол, шапан, тақия, қалпақ, бөрік сияқты қазақтың ұлттық киімдерін тігіп, сатумен айналысады.

Кәсіпкерге өзі шығаратын өнім көлемін ұлғайту үшін қаражат қажет болғанда «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша аймақтық филиалына жүгінді. Онда менеджерлерден егжей-тегжейлі ақпарат алған соң «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында кәсіпкер үшін несие мөлшерлемесі жылына 6% құрады. Сондай-ақ, «Даму» Қорының кепілдігін де пайдаланды.

Несие қаражатына Малика Құлахметова айналым қаражатын толықтырып, ұлттық киім тігуге арналған жабдық сатып алды.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, «Салтанат» ш / а, 19а.

моб. +7705-259-99-45

Instagram: @khan_shapan_taraz