info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Үздіктер даярлайтын орын

Жаңалықтар
16.06.2023

Ақтөбе қаласындағы Aqbobek International School (AIS) – 0-ден 11-сыныпқа дейінгі балаларға сапалы халықаралық білім алуға мүмкіндік беретін бірегей мектеп. АІЅ мемлекеттік стандартпен қатар, Сингапур бағдарламасы сияқты алдыңғы қатарлы білім беру бағдарламалары бойынша оқытады.

Жыл сайын Aqbobek International School (AIS) оқушылары пәндерден олимпиадалар мен ғылыми-жобалық конкурстарға белсенді қатысады, қалалық, сондай-ақ республикалық және халықаралық деңгейде жеңімпаз, жүлдегер атанып келеді.

Бастауыш мектепте мұғалімдер мен психологтар балалардың тәлімгері ретінде де қызмет көрсетеді. Олар өзін-өзі басқару, жауапкершілікке үйретеді, сыныптастарымен және ересектермен дұрыс қарым-қатынас орнатуда көмек көретеді.

Негізгі мектепте ғылым мен қосымша білім берудің негізгі бағыттары бойынша базалық оқу болады. Басымдық жасөспірімнің технологиялық, жеке, интеллектуалдық бейімділігі мен мүдделерін дамытатын бағдарламаларды іске асыру көзделеді.

Орта мектеп әр оқушының әртүрлі салаларда кең білімі мен дағдылары ескеріледі. Орта мектепте таңдаған пәндерін тереңдетіп оқыту, өзін-өзі оқытуға абсолютті дайындық жасалады. Мектеп түлегі 21 ғасырдағы қиындықтарға төтеп беруге дайын тәуелсіз, қалыптасқан тұлға болады.

Компания айналым қаражатын толықтыру қажет болғанда «Даму» Қорының Ақтөбе филиалына жүгінді. «Банк Центр Кредит» АҚ берген несиенің мөлшерлемесі 21,75%-ды құрады, оның 8%-ын ғана кәсіпкер төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялайды.

Бүгінгі таңда мектептің миссиясы – инновацияға ашық, қоғамның игілігі үшін қызмет ететін әлеуметтік жауапты азаматтар даярлау.

Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Батыс-2, Ораз Тәтеұлы, 13А

+7 778 505 8550

Пошта: info@akbobek.kz

Сайт: ais.akbobek.kz