info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Жасыл-желекті тігінен өсіретін бірегей ферма

Жаңалықтар
02.06.2023

«CityGreen.kz» ЖШС 2019 жылдың наурызында тіркелген және осы уақытқа дейін жасыл желек, гүлдер, көкөніс түрлерін өсіріп келеді. Тігінен өсіретін ферма түріндегі бірегей жобаны құру идеясы жоба Екатерина Акинфееваға саяхатаған кезде келді. Өйткені Еуропа елдерінде бұл – озық бағыттардың бірі болып саналады. Тарихқа үңілсек тік фермалар алғаш рет 2009 жылы Кореяда тіркелген. Ал алғашқы коммерциялық станция 2012 жылы АҚШ-та пайда болды, дегенмен тік ферманың өзі алғаш рет 1960 жылы салынған. Бұл нарықтағы ең ірі компаниялардың бірі – американдық AeroFarms. Ол БАӘ-де тік фармингтің ең ірі әлемдік орталығын салған. Бұл – осы инновациялық трендтің күшеюін жалғастырып жатқанын көрсетеді. Қазақстанда тік фарминг бағыты енді қолға алына бастады. Біздің елде ірі көлемде дақылдар өсіруге мүмкіндік беретін құнарлы топырақ жеткілікті.

Тік ферманы құру идеясына оралсақ, бұл мәселені кәсіпкер экономикалық тұрғысынан да, пайдалы және экологиялық таза өнім тұрғысынан да мұқият қарастырды. Ферма жабық күйдегі қалалық тік егіншілікке арналған модульдік зауытты қамтиды. Технология пестицидтерді қолданбай жыл бойы мүлдем сау өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік береді. Автоматтандырылған климат, «ақылды» қуат жүйесі және жарықдиодты жарықтандыру өсімдіктерді тез өсу үшін қажет нәрсенің бәрімен қамтамасыз етеді. Өнім егістікке қарағанда екі есе тез піседі.

«CityGreen.kz» ЖШС «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында қолдау алып, «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы шағын кәсіпкерлікті қолдау бағытында қаржыландырылды.

Қаражатты кәсіпкер инвестициялық мақсаттарға, атап айтқанда қажетті жабдықты сатып алуға жұмсады.

Астана қ., Өндіріс тұрғын алабы, Ақсай көшесі, 7 үй

+7 707 511 30 30

Сайт Instagram: @microgreen.kz