info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Көкшетауда «Ваниль» кондитерлік цехы ашылды

Жаңалықтар
20.06.2023

Көкшетау қаласындағы «Ваниль» кондитерлік цехы 8 жылдан астам уақыт бойы қала тұрғындары мен қонақтарын тәтті тоқаштармен қуантып келеді. «Ваниль» цехының негізін қалаушы және басшысы - жеке кәсіпкер Захаркина Марина Александровна. Марина Александровна бухгалтер, көп жылдар бойы мамандығы бойынша жұмыс істеді. Кейін бизнес ашуға шешім қабылдады. Кәсіпті жалдамалы үй-жайда бастады. Сол кезде штатта 3 адам болатын. Қазір «Ваниль» цехында 20 адамнан тұратын команда жұмыс істейді.

Бизнес өскен сайын кәсіпорын өндіріс кеңістігін ұлғайтуды қажет етті. ЖК «Захаркина М.А.» кондитерлік цех үшін жеке ғимарат сатып алуға шешім қабылдады. Кәсіпкер Forte Bank-тен ЕҚДБ-ның «Бизнестегі арулар» бағдарламасы аясында 14%-бен, бес жыл мерзімге несие алды. «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялап берді. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында кәсіпкер несиесін жылына 6%-бен төлейді.

Несие қаражатына ЖК Захаркина М.А. жаңа үй-жай сатып алып, қайта құру және жөндеу жұмыстарын жүргізді. 2023 жылдың мамыр айында цех жаңа ғимаратқа көшіп, қала тұрғындары үшін ашылу салтанатын өткізді.

«Ұзақ уақыт кәсіпкер бола отырып, мен мынаны айта аламын: бәсекелестік кез келген бизнестің қалыпты аспектісі және біз одан қорықпаймыз. Осы жылдар ішінде бізде әр түрлі жағдайлар болды, кез-келген бизнесте қиындықтар туындайды. Ең бастысы – нақты жоспарлау және адамгершілік сезімі. Қазір мен жолға қойылған жұмыс, тату ұжым, тұрақты және риза клиенттеріміз бар деп мақтанышпен айта алам. Біз жоспарлаған дүние көп», - дейді Марина Александровна.

Көкшетау қ., Шалқар к-сі, 6А

+7 (7162) 333228, +7701 774 5815

Instagram: @vanilla0102