info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Galamilk сауда белгісі бар «GalaFood» компаниясы мемлекеттік қолдауға ие болды

Жаңалықтар
19.06.2023

Соңғы жылдары әлемде экологиялық таза және пайдалы тамақтануға көшу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру үрдісі байқалуда. Бұл тамақтану ғылымын игеріп, өнімдердің дәміне ғана емес, тағамдық қасиеттеріне де мән беретіндер көп. Соңғы кездері әсіресе ешкі сүті мен одан жасалатын өнімдер танымал. Сондай компаниялардың бірін дәрігер Жұлдыз Қожақанова 2019 жылы ашқан.

IMG_5875.JPEG

«GalaFood» ЖК ешкі бағып, сүтінен био-йогурт, сүзбе, ірімшік секілді өнімдер өндірумен айналысады. «Galamilk» сауда белгісі Қазақстанның барлық сауда нүктелерінде ұсынылған және қазірдің өзінде ешкі сүтін сүйетіндердің сүйікті өніміне айналды. «GalaMilk» сауда белгісі 100% табиғи және экологиялық бренд ретінде танылған.

«Барлық тағамдарымыз сертификатталған. Әрқайсының өз емдік қасиеті бар. Ешкі сүті Алатау бөктеріндегі «Galamilk» шаруа қожалығында бағылатын заанен ешкілерінен сауылады», - дейді Жұлдыз Қожақанова.

«ForteBank» АҚ арқылы кәсіпорын «Еңбек» «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасы аясында қаржы алды. Бағдарлама шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 6 пайызды құрайды.

«GalaFood» ЖК аймақ экономикасын, оның өндірістік қуатын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуде.

Инстаграм: @galamilk_qazaqstan

Мекен жайы: Алматы қаласы, Қалқаман-2 ы/а, Сейтметов к-сі, 9 үй

Байланыс телефоны : 8-777-267-22-66