info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Ас атасы – нан

Жаңалықтар
20.06.2023

Наубайхана ашу – Арыстан Сұлтанғазиевтің көптен бергі арманы еді. Арыстан Тілегенұлы бизнесті нарықты зерделеуден бастады. Алдымен «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін үйрететін курс оқыды. Кейін «Еңбек» бағдарламасы бойынша 6% жеңіл несие алуға жүгінді.

Бескөл ауылы орталығында үй-жайды жалға алып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, қызметкерлер жалдады. Осы уақыттан бастап Бескөлдіктерді жаңа піскен нанмен, нан өнімдерімен қуантып келеді. Тұрғындар таңғы шәйға жаңа піскен нан, тоқаш, бауырсақ, бөрек секілді дәмді тағамдар сатып алуға мүмкіндік алды.

Басты тағамның 10 түрі бар. Сарымсақ, пияз салып пісірілген, қара бидай, кебектен ашыған үн өнімдері кез келген талғампаздың көңілінен шығары анық.

Арыстан Тілегенұлы мұнымен тоқтап қалмай 2022 жылы наубайхана мен азық-түлік дүкенін сатып алу үшін «First Heartland Jusan Bank» АҚ-да қаржы алды. Несие «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында берілді. Яғни кәсіпкер үшін мөлшерлеме жылына 5%-ды құрады, «Даму» Қоры субсидиялайтын мөлшерлеме 16,5%.

СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл а., Құрманғазы көшесі 1В

Тел. +7 (705) 265 09 42

+7 (747) 201 85 69

Эл. почта arystan.sultangaziyev@mail.ru

@pekarnia_sultan