info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Салауатты болашақ - бүгіннен басталады!

Жаңалықтар
27.06.2023

«Dariya-Med» медициналық орталығының басшысы Нұртаев Бауыржан кәсіпкерлік қызметін 2015 жылы бастады. Өз ісін ашқанға дейін Нұртаев Бауыржан қалалық емханада дәрігер, кейін медициналық жабдықтарды сататын компанияда дәрігер болып жұмыс істеген. Кәсіпкер өзінің мол тәжірибесіне сүйеніп, жеке клиникасын ашты. Жинаған қаржатына ғимаратты жалға алып, клиникаға айналдырған. Ем алушыларға уақтылы және сапалы қызмет көрсету кәсіпкердің тұрақты пациенттері қатарының көбеюіне ықпалын тигізді.

Клиника амбулаториялық-емханалық бейіндегі медициналық қызметтерді, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясындағы медициналық қызметтерді, сондай-ақ офтальмология, отоларингология, эндокринология бейіндері бойынша ауруды алдын алу, диагностикалау және емдеу шараларын жүргізеді. Ұсынылып отырған сапалы медициналық қызметтер тізімі, клиниканың бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейде болуына ықпал етуде. Клиника көз ауруларын диагностикалауға және емдеуге арналған жабдықтармен жабдықталған, Қызылорда облысы бойынша алғашқылардың бірі болып лазерлік кагуляция және оптикалық когорентті томография қызметтерін енгізді.

Былтыр «БЖК-2025» бағдарламасының арқасында «Даму» Қорының субсидия мен кепілдік құралдарын қолдана отырып, заманауи медициналық жабдық – офтальмологиялық лазер сатып алынды.

«Dariya-Med» медициналық орталығында өз ісінің шеберлері жұмыс істейді. Клиникадағы әр дәрігердің 10 жылдық жұмыс өтілі бар. Соның арқасында орталық қала тұрғындары арасында өте танымал.

Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Жеңіс к-сі, 106

Инстаграм: @dariyamed_klinika_kzo   

+7 7710877770, + 7242711472