info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Айс-плюс» – егістіктен сөреге дейін

Жаңалықтар
30.06.2023

«Айс-плюс» сүт компаниясы Қазақстан нарығында сүт өнімдерін өндіруші көшбасшылардың бірі. Кәсіпорын сүт өнімдерін өндіретін цех ретінде 1999 жылы құрылған. Алғашқы өнімі балмұздақ еді. Сондықтан да бренд «Айс» аталды. Қазір мұнда сүт пен сүт өнімдерінің 50-ге жуық түрін шығады. Тәулігіне 30 тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік бар. Барлық өнім сертификатталған. Өнім өндірудің технологиясын, техникалық шарттарын кәсіпорынның мамандары әзірлейді және оның меншігі ретінде бекітілген.

Айналым қаражатын толықтыру және сүт өңдеуге арналған құрал-жабдықтар сатып алу мақсатында «Айс-плюс» ЖШС «Даму» қоры» АҚ Ақтөбе филиалына жүгінді. Жоба «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында қолдау тапты. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ берген несие мөлшерлемесі 20,75 пайызды құраса, оның 6 пайызын кәсіпкер төлейді, ал айырманы «Даму» қоры субсидиялайды. Сондай-ақ жобаны сәтті жүзеге асыру үшін Қор несие сомасының 50% көлемінде кепілдік берді.

Компания «Даму» Қорының қолдауымен, сондай-ақ өз инвестициясы есебінен қуатты ауыл шаруашылығы кластерін құрып, өндірісті жаңғыртуды жалғастыруда. Жылдан-жылға компания шикізат өндіруден бастап сөреге дейінгі толық циклді жоғары технологиялық заманауи кәсіпорынға айналды.

«Айс-плюс» ЖШС жыл сайынғы отандық тауар өндірушілердің «Ulttyk Onim» көрмесіне де тұрақты қатысып келеді.

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, көш. Гастелло, 2А

Тел. +7 (7132) 40 74 99, +7 (775) 250 40 05

Веб-сайт: marketolog@icecompany.kz

Instagram: @icecompany_kz