info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Орал өңірінің қолы алтын шебері

Жаңалықтар
23.06.2023

Кәсіпкер Гүлайым Биғалиқызы университет бітіріп, қалалық сотта заңгер болып жұмыс істеді. Кейін тұрмысқа шыққан соң сүйікті  хоббиімен айналысып, балалық шақтағы арманын жүзеге асыруға бел буды. Ол кішкентай кезінен бастап қолөнермен айналысқанды жақсы көретін. Алдымен өз ауласында тігін цехын ашып, 3 адамды жұмысқа алды. Онда сандық, перде, көрпеше, диван жапқыш, жастық сияқты тұрмысқа қажетті заттарға тапсырыс қабылдай бастады.

Гулайым Бигалиевна бұл ісін 10 жыл бұрын бастаған. Жабдық сатып алу мақсатында 2022 жылы ол «Нұрбанктен» 21,5%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры оның 15,5%-ын субсидиялайды.

«Мені тапсырыстарын риза болып алып кететін клиенттерді көріп қуат алам. Қолмен жасалатын заттарқа сұраныс ешқашан жоғалмайды», - дейді шебер.

Instagram: @perde_korpe_shtori

Орал қаласы, Деркүл ауылы, Тақсай көшесі 10

+7 701 386 10 89