info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Сапасына кепілдік жоғары өнімдер

Жаңалықтар
27.06.2023

«KMI Engineering» ЖШС медициналық жабдықтар мен қаңылтырдан жасалған бұйымдар шығарады. 2017 жылдан бастап металл өңдеу саласында қызмет көрсетеді. Атап айтқанда: лазермен кесу, ию, дәнекерлеу, бұйымдарды жобалау, құмдап, ұнтақтап бояу бойынша қосымша қызметтер де көрсетіледі.

«KMI Engineering» компаниясында тәжірибелі, талантты мамандар жиналған. Команда тапсырыс берушінің параметрлері бойынша кез келген металл бұйымын жасай алады, бірақ негізінен медициналық жабдықтар (сәулелендіргіштерге, рециркуляторларға арналған корпустар), медициналық жиһаз және тамақ өнеркәсібіне арналған металл бұйымдар шығаруға маманданған.

Компанияның құндылықтары – адалдық, тұтынушының көңілінен шығу, жауапкершілік, құрмет және жоғары сапа.

2022 жылы импортқа тәуелділікті төмендету және жабдықтар мен шикізат сатып алу мақсатында кәсіпорын директоры С. Н. Рябчинский «Fortebank»-тен 19,5%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында оны кәсіпкер жылына 6%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды. Сондай-ақ Қор өзінің кепілдігін де ұсынды.

Петропавл қ., Әуезов к-сі, 264/1

info@kmi-kz.com

+7 702 019-88-04

https://kmi-kz.com/