info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Ақтау қаласында қолөнер және тоқыма бұйымдарын өндіру цехы ашылды

Жаңалықтар
24.06.2023

Тәжікұлова Жылдызгүл Желденбайқызы ашқан ЖК «Гауһар» 2017 жылдан бастап ұлттық стильде қолөнер және тоқыма бұйымдарын: жастық (жастық тысы), көрпе тысы және т.б. өндірумен айналысады. Цехта Ақтау қаласының тұрғындарына, сондай-ақ әлеуметтік салада қызмет көрсететін мекемелерге, жас отбасыларға және орташа жалақысы бар тұтынушыларға арналған өнімдер шығарылады. Арнайы тапсырыс бойынша, қолмен тігіледі.

Тапсырыстар көлемінің ұлғаюына байланысты, Жылдызгүл Желденбайқызы «ForteBank» арқылы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында коммерциялық үй-жай сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға 15 000 000 теңгені жылына 6%-бен алды.

Қазір цех өнімдері «KURAK KORPE – GAUHAR» брендімен халық арасында сұранысқа ие.

+7 702 252 57 84& +7 701 778 88 96

Insta: @kurak_korpe_gauhar