info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

AQMOL – табиғи өнім

Жаңалықтар
06.06.2023

Aqmol компаниясы Маңғыстау облысында сүт өнімдерін 2021 жылдан бастап табиғи пастерленген, зарарсыздандырылған, гомогенизацияланған және/немесе ультра тазартылған сүт өнімдерін шығарып келеді. Сүт негізіндегі сусындар, біртекті сүттен қаймақ, құрғақ сүт немесе қою сүт, кілегей, сары май, йогурт, ірімшік, сүзбе, айран, сарысу, казеин немесе лактоза өндірісі жолға қойылған. Био сүт өнімдері Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылындағы цехта шығарылады. Компанияның артықшылығы – тек табиғи шикізат пайдаланатындығында.

2020 жылы жабдық сатып алуға қаражат қажет болды. Компания қаржы алу үшін «Сбербанке» жүгінді. «Даму» Қорының субсидиясы есебінен несиенің пайыздық мөлшерлемесі жылына 6%-ға дейін төмендетіліп, кепіл жетіспейтін сомаға «Даму» Қоры кепілдік берді.

Қазір олар Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысын, сондай-ақ Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының жақын өңірлерін өз өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Маңғыстау облысы., Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Өндірістік аймақ 4, №81 ғимарат

+7 775 125 67 00

@aqmol.aktau