info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Shika» – жайлылық пен дәстүр бренді

Жаңалықтар
19.06.2023

Қайрхожаева Шырынгүл Бақхожақызы «Shika» ЖК ашып, 2021 жылдан бері киім өндірісімен айналысады. Ұсынған алғашқы өнім – көйлек, кәжекей болатын. Бірте-бірте тұтынушылардан тапсырыс көбейе келе, ассортимент көбейтіп тігін цехын ашу идеясы пайда болды.

Тігін цехын дамыту мақсатында Шырынгүл «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемелекеттік бағдарламасы аясында Қордың субсидия құралын пайдалана отырып, «Банк ЦентрКредиттен» несие алған.

Қазіргі таңда кәсіпкердің негізгі қызмет түрі – тапсырысқа киім тігу. Олар тіккен ұлттық бешпент, барқыт көйлек, көйлек, камзол, «қыз ұзату» жиынтығы жұрт көңілінен шықты. Кәсіпорын тұтыну тауарларына, атап айтқанда заманауи ұлттық стильдегі киімге деген халықтың қажеттілігін қанағаттандыруды мақсат тұтқан.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 35 ш/а, 31 ғимарат

Тел: +7 (707) 893 30 28

Почта: wika_9494@mail.ru

Инстаграм: @wika9494