info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Машиналарға арналған тазалық әлемі

Жаңалықтар
29.06.2023

362_chemical компаниясы 2015 жылдың соңында Ақтау қаласында автохимия және автокосметика өндірісі бойынша өз қызметін бастаған болатын.

Қазіргі уақытта Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысын, сондай-ақ Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының жақын өңірлерін автожуу өнімдерімен қамтамасыз етеді.

2021 жылы бизнесті дамыту үшін қаражат қажет болғанда «Нұрбанкке» жүгінді. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидия есебінен несиенің пайыздық мөлшерлемесін жылына 6%-ға дейін төмендетті. Сондай-ақ кепілдік жетіспейтін сомаға «Даму» Қоры кепілдік те берді.

Болашақта жергілікті деңгейдегі шағын көтерме сауда нарығын қамту үшін шығарылатын өнім көлемі мен ассортиментін ұлғайтуды және республиканың басқа облыстарына да шығуды жоспарлап отыр.

Маңғыстау облысы., Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылы, 1-ғимарат

+7 775 125 67 00

Почта: gramm-him@mail.ru

инста: @362_che