info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Алматыдағы наубайхана мемлекеттен қолдау алды

Жаңалықтар
27.06.2023

«Ақсай» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС Қазақстандағы ең ірі заманауи кәсіпорындардың бірі. Іргетасы 1987 жылы қаланған.

Шебер менеджмент, ынтымақты ұжым, жоғары білікті мамандардың арқасында компания нан пісіру нарығында әлі де жетекші орында. Басқа нан өнімдерін өндірушілермен салыстырғанда «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС айқын артықшылықтарға ие. Атап айтқанда материалдық-техникалық базасы күшті, өнімдердің ассортименті мол, тұрақты өткізу нарығы бар, мамандары кәсіби. Нан зауыты наубайхана мәселелерімен айналысатын ғылыми-зерттеу зертханаларымен тығыз байланыста болып, өз қызметінде нан өнімдерін өндіру саласындағы жаңалықтар мен соңғы жетістіктерді кеңінен пайдаланады.

«Ақсай» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС 30 жылдан астам уақыттан бері ең басты өнім – нанның әр үйдің дастарханынан үзілмеуін қадағалап келеді», - дейді серіктестік басшысы Зарина Қанатбекқызы Барлыбаева.

Дайын өнімді тасымалдау паркін жаңарту үшін компания «Нұрбанктен» 21,75%-бен несие алды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында оның субсидияланатын пайыздық мөлшерлемесі 13,25%-ды құрайды.

«Ақсай» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС мемлекеттің бұл қолдауының арқасында өндіріс көлемін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашты.

Инстаграм : @aksaynan

Мекен жайы: Алматы қаласы, Әуэзов ауданы, Б.Момышұлы к-сі, 36 А

Байланыс телефондары : +8 (727) 330-31-14