info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Үйге жеткізілетін фермерлік, табиғи, эко өнімдер

Жаңалықтар
05.07.2023

«Славянка» шаруа қожалығы 2016 жылы құрылған. Іле Алатауы баурайында, Талғар шыңы мен мұндалап тұратын табиғаты әсем, ауасы таза ауданда орналасқан. Мал мен құс өсіретін шаруашылықта өнім өңдейтін, толық жабдықталған цех та бар.

«Славянка» ЭКО фермасы 100% табиғи, құрамында химиялық заттар мен жасанды қоспалар жоқ ет және сүт өнімдерін шығарады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сай, міндетті сертификаттаудан өтеді. ЭКО-фермадағы сүт өндірісі циклы өнеркәсіптік сүт зауыттарынан түбегейлі ерекшеленеді, өйткені тек жаңа сауылған, табиғи сиыр сүті қолданылады, құрғақ сүт түріндегі шикізат пайдаланылмайды.

Шаруашылықтың тең алқабынан жеміс-жидек, көкөніс егуге де орын табылған. Оларға тек органикалық тыңайтқыштар қолданып өсіреді. Сондықтан мұнда өндірілген көкөніс маринадтары, тұздықтар мен шырын, сусын, джемдердің табиғи дәмі бар, сапалы.

Компания «Даму» Қорының субсидияларын қолдана отырып, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында мемлекеттен қолдау алды.

«Славянка» шаруа қожалығы – бұл табиғи өнімдер шығаратын ЭКО-ферма.

Алматы облысы, Кеңдала ауылы, 146 есептік орамы, 265 ғимарат

Тел.: +7 776 208 95 63

Сайт: slavyanka.kz

Instagram: @slavyanka_ferma_kz