info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«TEPLOSTIL» – жылу мен жайлылық

Жаңалықтар
01.07.2023

Қасбетке арналған жылу панельдері – эстетика мен функционалдықтың басын қосатын заманауи, инновациялық шешім. Ол – ыстық-суық жібермейтін, бірнеше қабаттан тұратын композит панель. Тек тартымды көрініс ғана емес, сонымен қатар айтарлықтай энергия үнемдейтін және ғимарат сыртын қаптауда тапсырмайтын материал.

Мұндай жылу панельдерін өндіруші отандық компания – құрылыс материалдары нарығында 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «TEPLOSTIL» ЖШС. Бұл – үш түрлі қабаты бар жылу панельдерін шығаратын тұңғыш қазақстандық өндіруші. Аз уақыт ішінде кәсіпорын жоғары сапалы өнімге қол жеткізді. Жылу панельдерін өндіруде Қазақстан, Түркия және Ресейдің шикізаттары қолданылады.

«Біздің басты мақсатымыз – үйлердің қасбеттерін қаптаудың кешенді шешімін ұсыну және жылу панельдеріміз арқылы қосымша сән беру», - дейді кәсіпкер Қалимулдиев Ержан Ибрагимұлы. Кәсіпорын жылу панельдерін өндірудің өзіндік технологиясын әзірледі, оның ішінде желім қолданбаған талшықты темірбетон қорғаныс қабаты бар. Панельдер жоғары сапа стандарттарына сай, сертификатталған және мемлекеттік стандарттарға сәйкес келеді. Олар ұзаққа шыдас береді және ақша үнемдейді. 25 жылға кепілдік бар. Автоматтандырылған желідегі конвейер өндірісі аптасына 5000 шаршы метрден астам өнім шығаруға мүмкіндік береді.

«Евразиялық Банк» АҚ арқылы өз қызметін кеңейту үшін несие алған компания «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында 19%-дық сыйақы мөлшерлемесінің 13%-ын субсидиялады.

«TEPLOSTIL» ЖШС қолдаудың арқасында өндіріс көлемін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашты.

Инстаграм : @teplostil_kazakhstan

Алматы қаласы, Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы, 103/9.

+7 707 101 01 22