info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Туған жерге туын тіккен кәсіпкер

Жаңалықтар
27.07.2023

«АзияЭлитФудГрупп» ЖШС 2009 жылдың жазында Липинская Мария Валериевна ашты. Компания бастапқыда тамақ өнеркәсібі үшін шикізат пен ингредиенттер сату үшін құрылған. Сауданың осы саласында жүріп команда көптеген ірі сүт өндіруші кәсіпорындармен өте тығыз жұмыс істеді. Осыған байланысты өндіріске, тамақ дайындау технологиясына терең үңілуге тура келді. Мұның бәрі өте қызықты еді. Осы салада білім арттырып, идеяларға қол жеткізе отырып, дәмді әрі табиғи сүт өнімдерін шығаратын жеке кәсіпорын құруға бел буды.

2011 жылы сиыр сүтін өңдейтін шағын цех ашу үшін дайын ғимараты бар аумақ іздеу басталды. Алматы облысының Іле ауданы, Чапаев кентінде сүт өнімдерін өндіретін тозығы жеткен кәсіпорын тұрғаны белгілі болды. Олар осы кәсіпорынды сатып алу туралы келіссөздер жүргізе бастады, тек 2015 жылдың аяғында сатып алу туралы шешімге келе алады.

2016 жылдың басында компания өзінің алғашқы сүтін қабылдап, өңдей бастады. Компанияның директоры - Липинская Мария Валериевна, «АзияЭлитФудГрупп» ЖШС-нің көптеген қызметкерлері Чапаев кентінен шыққан. Біздің көпшілігіміз сияқты, компания директоры да өзі өскен туған жерін, туған ауылында жұмыс істеп, жұмыс орындарын ашқысы келді (бүгінде компанияда ауылдастары да, жақын маңдағы ауылдардан да 40-қа жуық адам жұмыс істейді).

Егер басында тек ірімшік пен қаймақ өндірілсе, қазір ассортимент ерекше дәмі мен сапасымен ерекшеленетін тұтас сүт өнімдерінің 50-ге жуық позициясын құрайды.

2022 жылы компания «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қорының қолдауына ие болды. Несиені ғимаратты қайта жаңартуға және өндірістік үй-жайларды кеңейтуге жұмсады.

Компания директоры Мария Валериевна Липинская мұнымен тоқтап қалмай, шикізат базасы үшін өз фермасын сатып алу, сонымен қатар жоғары сапалы балалар мен диеталық тамақтану үшін сиырларды ғана емес, асыл тұқымды ешкілерді де өсіруді жоспарлап отыр.

Алматы облысы, Іле ауданы, Чапаев ауылы, Доскеев көшесі, 92

Тел.: +7 727 527 8048, +7 777 114 1280