info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Зербұлақ» көлінде отбасымен демалатын кешен ашылды

Жаңалықтар
03.07.2023

Биыл 1 шілдеде Тараз қаласындағы «Зербұлақ» көлінде отбасылық демалысқа арналған мәдени-сауықтыру кешені ашылды.

Жаңа заманауи кешен жайлы хабар Тараз қаласының қонақтары мен тұрғындары арасында тез тарады. 2000 адамнан асатын адам сыятын кешен 1,9 гектар жерге орналасқан. Мұнда мейрамхана, дәмхана, бассейндер және толқынды бассейнді генерациялаудың бірегей жүйесі сияқты орындар толық жұмыс істеп тұр.

Аква аймағына көп функциялы ашық бассейн, су сырғанақтары, балалар сырғанақтары, ыстық ванналар, ыстық сарқырамалар кіреді. Сондай-ақ, су ағынымен араласқан ауа көпіршіктері бар, бұл қан айналымына мен метаболизмнің қалыпқа келуіне ықпал етеді, бұлшықет тіндері мен теріге сергітетін және ынталандыратын әсері мол. Анимациялық бағдарламаларға спорттық ойындар мен жарыстар, би кештері, карнавалдар, рухани қызығушылық саласына кіретін ойындар мен іс-шаралар және т. б. кіреді.

Жоба «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау тапты. Несиенің мөлшерлемесі жылына 21,75% болғанмен, оның ішінде 13,75%-ы мемлекет субсидиялайды, ал жылдық 8% айырманы кәсіпкер төлейді.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, «Зербұлақ» көлі

Instagram: @zerbulaq_family

Байланыс телефоны: +7705-386-54-88