info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Көкше-мебель» сапалы жиһаз шығарады

Жаңалықтар
30.06.2023

«Көкше-мебель» компаниясы 100-ден астам жиһаз түрін шығарады. Бұл – Ақмола облысындағы жетекші фирмалардың бірі. Өндірісте сапалы және экологиялық таза материалдар ғана қолданылады.

Компанияның негізін қалаған Сақтағанов Әмір Жанғабылұлы тоқсаныншы жылдары жиһаз шығаратын цехта жұмыс істеген. Кейін гаражында отырып-ақ таныстары мен туыстарына тапсырыс бойынша жиһаз жасап бере бастады. Ал 2009 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, көмекші жалдап, үй-жайды жалға алды.

2016 жылы «А.Ж Сақтағанов ЖК» «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша «Forte Bank»-тен жылына 6%-бен несие алып, жиһаз цехы мен қойма үшін база сатып алды. 

2019 жылдың қараша айында «А.Ж. Сақтағанов ЖК» «Forte Bank»-тен жабдық сатып алу және айналым қаражатын толықтыруға жылына 15%-бен 70 млн теңге қаржы алды. «Даму» Қоры «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында несиені субсидиялады. Өндіріс кеңейген сайын айналым капиталын толықтыру қажеттігі де туындап тұрады. 2022 жылдың күзінде ForteBank кәсіпкерге жылына 19,5%-бен несие мақұлдады. «Даму» Қоры мұнда да қарыз сомасының 50% мөлшеріне кепілдік беріп, «Ұлттық жоба» аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялады. Субсидияның арқасында кәсіпкер несиені 6%-бен төлейді, айырмасын мемлекет өтейді.

«Көкше-мебель» өз өнімдерін Көкшетау, Щучинск, Ақкөл, Атбасар, Степногорск қалаларындағы жиһаз салондары желісі арқылы сатады. Кәсіпорында ресейлік, итальяндық және неміс жабдықтары орнатылған.

Көкшетау қ, Горветка көш. 24 ғим.

Тел. +7(7162) 335852, +7 700 533 5852

Инстаграм: @kokshe_mebel