info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Талдықорған қаласында «GARDEN» тоқыма бұйымдары салоны мемлекеттен қолдау алды

Жаңалықтар
10.07.2023

Бүгінгі күні үйдің интерьерін пердесіз елестету мүмкін емес. Перде –сырт көзден қорғап қана қоймай, үй ішінің сәнін кіргізуде таптырмас дүние. Пердесі жоқ бөлмелер бос болып көрінеді.

Жеке кәсіпкер Павловская Мария Александровна тоқыма бұйымдарын өндіру саласында 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Талдықорған қаласындағы ең ірі және сәнді орын саналатын «Garden» перделер салонын ашқан. Мұнда әр клиентке білікті қызмет көрсете алатын 10-нан астам кәсіби маман жұмыс істейді.

Өнімге деген сұраныс үнемі артып келеді және бизнесті кеңейту үшін кәсіпкер «Банк ЦентрКредит» арқылы несие алып, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялап, «Даму» Қорының кепілдігін алып, өзіне ғимарат сатып алды.

«Біздің салон маталардың мінсіз сапасына және олардың әртүрлілігіне назар аударады. Маталардың бар түрі бар, кез келген бөлмеге арналған пердеге тапсырыс бере аласыз», - дейді Мария Александровна.

Инстаграмм: garden.kz_tdk

Мекен жайы: Жетісу облысы, Талдықорған қ., Жансүгіров көш. 116

Телефон: +7 701 757 48 00