info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Бақытты бала – бақытты ата-ана

Жаңалықтар
05.07.2023

Қызылордалық Рүстем Досжанов өзінің кәсіпкерлік жолын 2013 жылы Түрік елінде тігілген ерлер киімін сататын сауда нүктесін ашудан бастады. Кәсіпкердің Қызылорда қаласының орталығында орналасқан кең дүкені және жастардан бастап егде жастағы адамдарға дейінгі тұрақты тұтынушылары бар.

Рүстем Досжанов – төрт баланың әкесі. Балаларына қалай көп көңіл бөліп, отбасымен бірге қалай жақсы уақыт өткізсем деп ойланып жүргенінде, отбасымен толық жиналатын және бәріне қызықты болатындай өзінің балалар ойын-сауық орталығын ашу идеясы туындады. Бұл жер баланың көңіл көтеріп, көптеген эмоциялар сыйлайтын, ал ата-аналар демалатын орын.

2022 жылы кәсіпкер субсидия және кепілдік құралдарын қолдана отырып, «Қазақстан Халық Банкінен» «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында 6%-бен несие алды. Қаражат балалардың ойын-сауық орталығына құрал-жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ғимаратты абаттандыру бойынша ішкі-сыртқы жұмыстарына жұмсалды.

Соның арқасында Қызылорда қаласында қаладағы ең ірі орталықтардың бірі саналатын «Hanzada Kids» балалар ойын-сауық орталығы ашылды. «Hanzada Kids» –аумағы 780 шаршы метрден асатын ойын алаңы, сәбилерге арналған жеке ойын алаңы (3 жастан 5 жасқа дейін), ойын лабиринттері, сырғанау сырғанақтары, доп бассейні, және балалар мен жасөспірімдерге арналған үлкен батут алаңы бар балалар орталығы.

Кәсіпкердің арманы – қонақтардың жүрегінде тек жарқын естеліктер қалдыру.

Қызылорда қаласы, Әбдіреев көшесі, 9А ғимарат.

Инстаграм: @hanzada_kids