info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Milkyland» - сүт өнімдерін шығаратын Ақтөбе бренді

Жаңалықтар
12.07.2023

«MilkyLand» сауда белгісімен «Агрофирма Тау» ЖШС («Хромтау сүт зауыты») 2015 жылдың шілде айында ашылып, алғашқы өнім – сүт өнімдерінің бірінші партиясын шығарды. Бұл – айран, қайнатпа, қойытылған майлы айран, 500 г таза орамдағы қатық, 15%, 20%-тік 200, 400 грамдық ыдыстағы қаймақ, сары май және сүзбе болатын.

Сол кезде Ақтөбедегі дүкендерді қамтитын көлік экипаждары да құрылды. Тұрғындардың көңілінен шығып, сөреде ұзақ жатқызбайтын болғандықтан кейіннен MilkyLand өнімдерін шелекте, үлкен көлемде шығаруды өндіріске енгізді. 

Бүгінгі таңда компанияның өнім желісінде 41 атау бар. Өндіріске қажетті негізгі шикізат – сүтті Ақтөбе облысының жергілікті фермерлері мен шаруа қожалықтарынан сатып алады. Осылайша, өндірілген өнім толықтай отандық болып шығады. Тіпті қазақстандық кәсіпорындарда шығарылатын қаптамалар мен ыдыстар қолданылады.

Бизнесті кеңейту, атап айтқанда айналым қаражатын толықтыру және сүтті қайта өңдеуге арналған жабдықтар сатып алу мақсатында «Агрофирма» Тау» ЖШС «Даму» Қорының Ақтөбе филиалына жүгінді. Жоба «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында қолдау тапты. Несие бойынша мөлшерлеме 16.5% құрады, оны кәсіпкер 5%-бен ғана төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.

«Компания тұтынушыға қазақстандық өнімдердің кең таңдауын ұсына отырып, біртұтас корпоративтік рух қалыптастыруда көшбасшылық ұстанымдарға қол жеткізе отырып, жоғары сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін азық-түлік өнімдерін жасайды», - дейді компания басшысы. 

Телефон: +7 (707) 326-93-79, +7 (771) 650-50-04, +7 (771) 292-11-37

Инстаграмм: @Milky_Land_kz

Сайт: taumarket@mail.ru