info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

ЖК «Эко Солтүстік Агро» – арнайы техникаға жаңа өмір сыйлайды

Жаңалықтар
03.07.2023

«Эко Север Агро» ЖК – «Кировец» K-700, K-701, K-702 тракторларының бөлшектерін және арнайы техниканың басқа да түрлерін күрделі жөндеу, толық қалпына келтіру, жаңғырту, реставрациялаумен айналысады.

«Эко Солтүстік Агро» ескі техникаға жан береді және оны зауыттың параметріне жеткізеді. Нәтижесінде толық жиналған, сенімді, жөндеуден өткен трактор пайда болады. Іс жүзінде жаңа техника деуге де болады.

«Мен техникаға бала кезден құмар болдым. 2017 жылы бұзылған тракторды жинап шығуға тырыстым. Нәтиже ойлағанымнан да асып түсті. Осыдан кейін ұзынқұлақ желдей есті. Содан бастап тракторларды жөндеуге бүкіл Қазақстан аумағынан әкелетін болды», - дейді Андрей Викторович.

2022 жылы Андрей Викторович одан әрі жұмыс істеу үшін көлік құралын сатып алуға шешім қабылдады және «Банк ЦентрКредиттен» жылына 23%-бен несие алды. Оны кәсіпкер 6%-бен төлейді, ал айырмасын «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидиялайды. Қор сонымен қатар, несие сомасының 85%-ына кепілдік берді. Яғни іс жүзінде «Эко Север Агро» ЖК үшін несие кепілсіз болды.

СҚО, Петропавл қ., Әуезов к-сі 251А

+7 776 901 00 71, +7 747 235 48 74

https://ecoseveragro.kz

Instagram: @eco_sever_agro