info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«HARVARD SCHOOL» – жан-жақты дамытатын зияткерлік мектеп

Жаңалықтар
10.07.2023

«HARVARD SCHOOL» ЖШС өзінің кәсіпкерлік қызметін 2020 жылдан бастап жүзеге асырады. Негізгі қызметі білім беру саласында.

Шахабаева Бақыт Нұрсағатқызы ашқан мектепте:

— актерлік шеберлік және этикет сабақтары;

— вокал, домбыра;

— сурет салу өнері;

— гимнастика, би;

— дефиле, суретке түсу;

— Монтессори әдісі бойынша ерте даму;

— НЗМ бағдарламасы бойынша дайындау/ұзарту сабақтары;

— ағылшын / балаларға арналған қазақ латын әліпбиі;

— mini beauty salon бойынша сабақтар өткізіледі.

Оқу орталығына инвестиция салу қажет болғанда кәсіпкер «Еуразиялық Банктен» 36 ай мерзімге 21,5%-бен несие алды. Кәсіпкер сыйақы мөлшерлемесін 6%-бен ғана төлейді, ал 15,5%-ын «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 — 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында мемлекет субсидиялайды.

20 млн теңге көлеміндегі қарыз қаражаты оқу орталығын жөндеуге және жарақтандыруға жұмсалды.

Қазір оқу орталығында 4 жастан 16 жасқа дейінгі балалар үйірмеге қатысады. Топтар балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып құрылады. Сабақтарды жоғары білікті оқытушылар жүргізеді. Әр мұғалім өз пәнін заманауи әдістерді, көрнекі құралдардың барлық түрлерін қолдана отырып, оқытуды ойын түрінде өткізеді.

Ақтау қ. 29, а ш. а. 142 үй, «Бірлік House» ТҮК

+7 (776-04) 7-97-77

Harvard.shcool.aktau