info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» Қорының арқасында жылу оқшауланған құбырлар зауыты өз өндірісін жолға қойды

Жаңалықтар
12.07.2023

«SALLING PLAST QAZAQSTAN» ЖШС – диаметрі 32-ден 1020 мм-ге дейінгі полиэтилен және мырышталған, полиуретан көбікпен қапталған құбырлар өндіретін кәсіпорын. Павлодар облысындағы заманауи жоғары технологиялық бұл зауыт жылына 85 000 метр құбыр мен 12 000 дана фасонды бұйымдар шығара алады.

Фирма директоры Ержан Жабаев зауытта қазіргі кезде заманауи ПЭ құбырлар өндіруге арналған жабдық та бар екенін айтады.

2021 жылы «SALLING PLAST QAZAQSTAN» ЖШС жүк автомобильдері тұрағы үшін жалдап отырған ғимаратын меншікке сатып ала алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасының қолдауының арқасында 6%-ға дейін субсидияланған несиені «First Heartland Jusan Bank» АҚ мақұлдады. Сондай-ақ, жетіспейтін кепіл сомасына «Даму» Қоры өз кепілдігін берді.

Сөйтіп, биыл «SALLING PLAST QAZAQSTAN» ЖШС «Даму» Қорының қолдауымен айналым қаражатын толықтырды. Жаңа жабдық кәсіпорынға сенімділік, тапсырыс берушілерді сапасы мен бағасы бойынша бәсекеге қабілетті өнімдермен қамтамасыз ету, жеткізілетін өнімге жоғары сапа және ұзақ мерзімді кепілдік, алға қарай серпінді тұрақты қозғалыс секілді жұмыс принциптерін одан әрі жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

Қазақстан бойынша мұндай зауыттар шамамен беске жуық. Бірақ өткен қыстағы Екібастұз қ. және Риддер қ. ірі ЖЭО апаттарынан кейін жылу желілерін қайта құруға тапсырыстар көбейді, бұл құбырлардың ППУ өндірісін дамытуға серпін берді.

«Табысты бизнес үшін меншік иесі айналысуы тиіс үш негізгі міндет - бизнесті басқаруға тікелей қатысу, өкілеттіктерді беру, бәсекелестік ортаны бағалау», - дейді кәсіпкер Ержан Жабаев.

Телефон: +7 776 976 92 36

Инстраграм: @sallingplast