info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Інжу – Алакөлдің маржаны

Жаңалықтар
11.07.2023

Алакөлдің атауы айдынның түсі мен оның жыл мезгіліне, ауа райы, географиялық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп отыруына байланысты аталған. Көлдің бірде күлгін, күңгірт көк немесе кейді тіпті ашық көк зүмраттай болуы туристерді таң қалдырады. Суының емдік қасиеті мол, ал жағажайдағы жанартаудан пайда болған қара галька тастар массаж әсер береді. Мұндағы демалыс иммунитетті нығайтып, жүйке, тыныс алу жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектеседі.

«Інжу Алакөл» қонақ үйі Алакөл көлінің солтүстік-шығыс жағалауында (Абай облысы жағынан) Алматы қаласынан 900 км жерде орналасқан. Семей қаласынан 650 км, Өскемен қаласынан 580 км. жерде. Қонақ үй 2017 жылы ашылды. Барлық нөмірлер сейф, тоңазытқыш, санитарлық торап, спутниктік антеннасы бар теледидармен толық қамтылған.

Қонақ үйдің ауласы түгел тас төселіп, жасыл желекпен көмкерілген. Демалушыларға ыңғайлы болу үшін орындықтар мен саябақтар қарастырылған. Балаларға жеке бассейн, заманауи алаң және үлкен ойын залы жасалған. Күндіз балаларды кәсіби аниматорлар ойнатады. Жазғы кинотеатр, мейрамхана жұмыс істейді, ақысын төлесе массаж да дайын.

2019 жылы екінші корпустың құрылысын аяқтау үшін кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкінен» 14%-бен несие алды. Оны кәсіпкер 6%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Егер Сіз Алакөлге әлі бармасаңыз – жиналыңыз. Бүкіл ағзаны сауықтырып, иммунитетті нығайтатын Алакөлдің суына шомылып қайтыңыз.

+ 7 771 228 99 19

Мекенжайы: Абай облысы, Қабанбай ауылы

Сайт: www.inju-alakol.kz