info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«4 лапы» – төрт аяқтыларға арналған ерекше күтім салоны

Жаңалықтар
10.07.2023

Кей адамдар үшін үй жануарлары отбасының мүшесі, тіпті баласындай боп кеткен. Олар ит, мысықтарының киіміне қыруар қаржы ақша жұмсайды, жүнін қырқып, әрлеп, әтірлеп, сәндеп тұрады. Қазір мұндай күтім жасау қызметтері біздің елде де қатты дамыды. Ал бастауы XVII ғасырда Франциядағы пудельдермен байланысты еді. Ол сол кездегі ең танымал тұқым болатын. Негізінен аңшылық, саятшылық кезінде еретіндіктен, басын «арыстан тәрізді» етіп қырту сәнге енді (ресми атауы – «континенталь»). Монархия құлап, республика құрылғаннан кейін бұлай күтім жасау өнері жойылмады. Сөйтіп, бұл сәнге деген сұраныстың артынан сәндеушілерге деген сұраныс артты. Бүгінгі күні грумер – нақты мамандық саналады. Ол кез келген адамның қолынан келе бермейді

Қазір елордада осы дәстүрдің жалғасы іспетті «4 лапы» күтім салоны жұмыс істеп тұр. Оны кәсіпкер Мечковский Евгений Анатольевич жұбайымен бірге ашқан. Евгенийдің кәсіпкерлік жолы 2007 жылы басталды. Ол кезде жануарларға арналған тауарлар сататын. Біраз уақыттан кейін өз дүкенін ашты. Дүкен клиенттері иттерге күтім жасау қиын екенін келген сайын айтатын. Түрлі көрме, жарыстарға барарда төрт аяқты достарын сәндейтін жер таппай қиналатыны жайлы шағымды жиі ести келе итке күтім жасайтын салон ашуға шешім қабылданды. Басында кадр табу қиын болды, ұйымдастыру да оңай емес еді. Мысалы, мұндай күтім салонында арнайы ауа сору жүйесі болуы керек. Соған қарамастан кәсіпкер алған бетінен қайтпады.

Жалға алған бөлмеде 1 жыл жұмыс істегеннен кейін ғимаратты сатып алу туралы шешім қабылданды.

«Мечковский Е» А» ЖК-ның өтінімін «Forte Bank» АҚ мақұлдап, несие берді. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасының арқасында несиенің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін Қор субсидиялайды.
 Астана қ., Байқоңыр ауданы, Амангелді Иманов к-сі, 7-үй, 5-т.

Сайт: @grooming_4lapy_astana

+7 778 807 0263