info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Әдемі күлімсіреу – сәттіліктің басы

Жаңалықтар
11.07.2023

Қалиғожина Раушан Садерқанқызы 2011 жылдан бері стоматологиялық қызметтер көрсетеді. Бұл салада дәрігер ретінде 25 жылдан астам еңбек өтілі бар. Өскеменнің трамвай паркі ауданында, көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан стоматологиялық кабинетте тіс емдеу, протездеу, жұлу, салу сияқты көптеген қызмет түрлерін сапалы ұсынады.

Коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алу қажет болғанда кәсіпкер «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Банк Центр Кредиттен» 6%-бен жеңіл несие алды. Кепіл жетіспеген кезде «Даму» Қоры кәсіпкерге кепілдік те берді.

Сатып алған кеңсе кәсіпкердің бұған дейін жұмыс істеп тұрған бизнесіне қарама-қарсы орналасқан. Яғни бұл – кәсіпкерге жаңа стоматология қызметін ұдайы бақылауға мүмкіндік береді. Мұнда 5 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Олар: 2 тіс дәрігері, 2 мейіргер мен 2 санитар. Бұған дейін көрсетіліп келген қызметтермен қатар тіс импланттау, ағарту және басқа да жаңа ұсыныстар енгізілмек.

+7 777 414 98 08

Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Мызы көшесі, 35-3.