info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«ВодЭкофильтр» зауыты – су тазарту және су дайындау жабдықтарын өндіретін жетекші компаниялардың бірі

Жаңалықтар
13.07.2023

«ВодЭкоФильтр» ЖШС – су тазарту жабдықтарын, сондай-ақ ағын суларды тазартуға және тамақ қалдықтарын кәдеге жаратуға арналған жабдықтар  жасайтын кәсіпорын. Оралдағы бұл зауыт 2005 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Осы уақытқа дейін халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ететін, ел аумағында табысты жұмыс істеп тұрған төрт жүзден астам нысанның жұмысын жолға қойған. Зауыт сонымен қатар қуаты әр түрлі су тұщыту жабдықтарын да жасайды. Бұл –шаруашылықтарда, ауылдарда, қалаларда және өнеркәсіп, кәсіпорындарда қолданылатын шағын немесе ірі қондырғылар.

Бизнесті кеңейту, атап айтқанда айналым қаражатын толықтыру мақсатында компания «ForteBank»-тен 14%-бен несие алды. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

«Суды үнемдеп, сақтап,  дұрыс пайдалануымыз керек. «ВодЭкоФильтр» ағын сулардан құрылыс, егістік және басқа да қажеттіліктер үшін жарамды су ала алады және өзінің патенттелген технологияларын пайдалану арқылы кәріз және тазарту қондырғыларын пайдалану шығындарын азайтады», - дейді кәсіпорын басшысы Сергей Рабцевич.

Тазарту құрылыстарын қайта құру жобаларын әзірлеу және іске асыру кезінде «ВодЭкоФильтр» компаниясының мамандары әрқашан оның сапалы болып, ұзақ қызмет етуін қамтамасыз етуге тырысады.

ҚР, БҚО, Орал қ., Құныскерей к-сі, 300

Тел.:+ 8 (7112) 933-025

Сайт: vodecofilter.com