info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Franchise Market Qazaqstan» атты қазақстандық франшизалардың форум-көрмесі өтеді.

Жаңалықтар
13.07.2023

26 маусым күні Астанадағы Казпатент алаңында «FRANCHDAY.COM» мен «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК ұйымдастыруымен, «Qazpatent», «FRANCHDAY COM» компаниясы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Даму» Қоры, Qaz Trade, KazakhExport және т.б компаниялар спикерлерінің қатысуымен «Franchise Market Qazaqstan» атты қазақстандық франшизалардың форум-көрмесі өтеді. 

Форумда франчайзинг нарығын дамыту, франшиза ұсыну және сату стандарттарын қалыптастыру, бизнестің мемлекеттік органдармен тікелей қарым-қатынасы мен осы саладағы инновациялық трендтер талқыланады. 

Көрмедегі франшизалармен танысып, әріптес немесе серіктер табуды ойласаңыз, сонымен қатар жаңа трендтер жайлы біліп, халықаралық даму нарығындағы кәнігі бизнес өкілдерімен тәжірибе алмасқыңыз келсе – көрмеге келіңіз, спикерлерді тыңдап, шеберлік сабақтарына қатысыңыз. 

Стенд брондап, осы көрменің арқасында тек серіктес тауып қана қоймай, жаңа нарыққа шығуға жол тауып, компанияңыздың халықарлық деңгейде өз позицияларын нығайтуына мүмкіндік алыңыз. Көрмеге кіру тегін, https://expo.franchday.com сайтында алдын ала тіркелу қажет.

Шараның онлайн эфиріне сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/86594112700 

Өтетін жері: Астана. Мәңгілік Ел, 57а

Өтетін уақыты: 26 маусым, 10:00-17:00 арасы

Толық ақпарат алу үшін: +7 (775) 007 50 77