info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Тараз қаласында жаңа компьютерлік клуб ашылды

Жаңалықтар
13.07.2023

Тараздық Садығалиев Ержан Темірбекұлы «Темір» жеке кәсіпкерлік нысанын 2019 жылы тіркеген.

Сол жылы ол «Prime Game zone» компьютерлік клубын ашу үшін комерциялық ғимаратты жалға алды.

Осы уақытқа дейін осы жалға алынған ғимаратта жұмыс істеген ол бизнесінің өрге басып, оң нәтиже көрсеткенін ескере отырып үй-жайды жеке меншікке сатып алуға бел буды.

Осы оймен «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгінген ол менеджерлерден толық кеңес алып, «Қазақстан Халық Банкіне» несие алу үшін өтінім берді. Нәтижесінде «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қоры несиеге кепілдігік беріп, пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады.

Осылайша шағын кәсіпкер 2023 жылы комерциялық ғимаратты сатып алып, бизнес-жобасын сәтті жүзеге асырды.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қойгелді қолбасшы көшесі, 175 үй, 4.

Телефон: +7747-814-45-11

Instagram: @prime_gamezone