info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Сапа мен мінсіз қызмет

Жаңалықтар
14.07.2023

Көп қабатты ғимарат, тұрғын үйлерді салу кезінде әртүрлі комбинациялары бар пластик терезелер орнатуға ерекше назар аударылады. Пластик терезе қосымша өңдеуді қажет етпейді, дыбыс өткізбейді, жылу жібермейді және т.б қасиеттері бар.

Атыраулық «Арсен Строй Сервис» ЖШС 2017 жылдан бері пластик есік-терезе, лоджия, витраждар секілді түрлі конструкциялар шығарып келеді.

Бизнесті кеңейту қажет болғанда «Арсен Строй Сервис» ЖШС «Банк Центр Кредиттен» 21,75%-бен несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 2-бағыты аясында мұнда мемлекеттің субсидиялайтын бөлігі 16,75% құрады, ал кәсіпкер 5% айырманы ғана төлейді. Қор несие сомасының 27,6 пайызы көлемінде кепілдік те берді.

Қазір компания Атырау облысындағы жетекші компаниялармен келісім-шарт жасасып, клиенттері қатарын көбейтуде.

Атырау, Досмұхамедов көшесі, 1Д/2

+7 778 084 89 89

Инстаграм: @plast_okna_atyrau